27 тамызда БЖЗҚ «Ашық есік күні» шарасын жаңа онлайн форматында өткізеді

Жарияланды
Шараның тақырыбы – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз» деп аталды

27 тамызда БЖЗҚ «Ашық есік күні» шарасын жаңа онлайн форматында өткізеді. Шараның тақырыбы – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз» деп аталды.  Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми Telegram каналы хабарлады.

Кез-келген адам іс-шараға үйден шықпай-ақ онлайн платформа арқылы қосыла алады. Онлайн кездесуде сіз өз сұрақтарыңызды қойып, ұсыныстар қалдыра аласыз. 
 
«Ашық есік күні» Қордың әрбір филиалы үшін бөлек ұйымдастырылады. Салымшылырды онлайн шараға шақыртуды сілтеме ретінде телефон нөмерлеріне жібереді. Егер сіз сілтемені алмаған болсаңыз, бірақ іс-шараға қатысқыңыз келсе, бізге басқа арналар арқылы жазуыңызды сұрайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз