Қазақстанда 2,5 мың бала коронавирус жұқтырған
Балалар ересектерге қарағанда коронавируспен жиі ауырмайды. Олардың клиникалық белгілері азырақ, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Олардың аурулары симптомсыз және жеңіл түрде өтеді. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.
«Алайда аурудың ауыр жағдайлары да жоққа шығарылмайды.
Жалпы, Қазақстанда пандемия басталғалы бері 2,5 мың бала коронавирус ауруымен ауырды. Оның ішінде 111 нәресте»,- деді АҚ «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» басқарма төрағасы, педиатр, медицина ғылымдарының докторы Боранбаева Риза.
Балалардың 80% -ында COVID-19 жеңіл және симптомсыз болған. Ал тек 20% -ы орташа ауырлықпен ауырған. Олар негізінен имунитеті төмен жіне ауыр созылмалы патологиясы бар балалар болды.
Балалар арасында қайтыс болғандар жоқ.