«Мектепке баратын оқушыларға қолғап киюдің қажеті жоқ, бірақ сабақ кезінде бетперде кию міндетті», -деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.
Балалар ересектерге қарағанда індетті белсенді, көп жұқтырмаса да, олар осы аурудың қоздырғышы бола алады. Сонымен қатар, егде жастағы адамдарға және қауіп тобына кіретін адамдарға жұқтыруы мүмкін.