Мешіт ашылып, бассейн мен спорт кешендері жұмысын бастайды
Қазақстанда карантин шектеулері тағы да біршама жеңілдей түсті. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында карантин шектеулерін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданған.
Оған ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтыру 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру 4,2 есеге, ауруханада жатқандар санының 80%-ға төмендеуі себеп. Бұндай көрсеткішкке қатаң карантин шараларының арқасында қол жетіп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі кезде мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артқан.
Осының бәрін ескере ескере отырып, ведомствоаралық комиссия 31 тамыздан бастап діни насандардың, бассейн, спорт кешендері, жаттығу залдары, мәдениет нысандары мен ерекше қорғалатын табиғи парктердің жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.
Оған қоса, қала маңындағы жолаушылар пойызы/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобус/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
«Барлық нысандар тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңір әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет», — деп атап өтті Е. Тоғжанов.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бірқатар нақты тапсырмалар берген.
Жұмысы қайта жанданғанымен, бұл нысандарға бірқатар санитарлық талаптар мен шектеулер қойылған.
Мәселен, дни нысандардың есігі ашылғанымен, ол жерде жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізуге тиым салынған. Бассейнге тек алдын ала жазылып, жеке-жеке келуге болады, әр келушіге 5 шаршыметр су есептелуі тиіс. Жатттығу залдары мен спорт кешендеріне де қойылар талап – осы.
Мәдениет нысандарында өтетін ұжымдық дайындықтағы адам саны 30-дан аспауы шарт. Оған қоса әлеуметтік қашықтық сақталып, үзілісте бөлмені желдетіп, адамдар маска тағуы керек. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парк, қорық, резерват және тағы басқаларында жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топ кемі 2 мерт әлеуметтік арақашықтық ұстауы тиіс.