Елімізде қазіргі уақытта  пойыздар 48 бағытта жүреді

Жарияланды
Санитарлық қорғау шараларын сақтау міндетті

Қазақстанда биылғы 5-шілдеден бастап 42 облысаралық және қала маңындағы пойыздардың жүруі уақытша тоқтатылып, 7 пойыздың жүру мерзімі қысқартылды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Қазіргі уақытта Санитарлық қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, 48 бағытта пойыздар жүреді. 
Жолаушыларды тасымалдау кезінде мынадай шаралар қамтамасыз етілді:

– жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасындағы қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) сақтауды қамтамасыз ету;

– жолаушылардың жеке қорғаныс құралдарының (бетперделер) міндетті түрде болуын және алып жүруін бақылау;

– жолаушыларды дауыс зорайтқыш байланыс бойынша жолаушылар қозғалысын шектеу талаптары туралы хабардар ету;

– жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы ылғалды жинау жұмыстарын жүргізу;

– жолсеріктерді медициналық бетперделермен қамтамасыз ету;

– қалыптастыру пункттерінде жылжымалы құрамды дезинфекциялау.

Сондай-ақ оқыңыз