Мұғалімдер кезекші сыныптардағы жұмысы үшін қосымша жалақы алады
Жарияланды
Кезекші сыныптар екі топқа бөлінеді
Педагогтер кезекші сыныптардағы жұмысы үшін қосымша жалақы алатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
«Кезекші сыныпта оқудың қазіргі жағдайында балаларды екі кіші топқа, яғни 15 адамнан бөлуге міндетті. Тиісінше, педагогтерге жүктеме артады. Сондықтан қосымша жұмысы үшін мұғалім қосымша жалақы алатын болады. Оның 28 сағаты болады және осы сағаттар үшін мұғалім ақы алады. Бұл біздің әріптестеріміз үшін өте маңызды», – деді Аймағамбетов.