Украина үкіметі коронавирустың өршуіне байланысты 29 тамыздан 28 қыркүйекке дейін шекараны жабу туралы шешім қабылдады. Кіру белгілі бір санаттағы шетелдіктерге ғана рұқсат етіледі. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Ішкі істер министрі Арсен Аваков түсіндіргендей, кіруге шектеу Украинада тұруға рұқсаты бар шетелдіктерге, сондай-ақ транзитпен жүрген және екі күн ішінде кететіндерін растайтын құжаттары бар шетелдік азаматтарға қолданылмайды.
Бұл шектеу сонымен қатар украиналық жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ халықаралық миссиялардың өкілдеріне немесе Украинаның дипломатиялық миссияларының шақыруымен келгендерге қатысты болмайды.
Бұған қоса, тыйым Беларуссия азаматтарына қолданылмайды, деді депутат Алексей Гончаренко. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украинаға кіру шарттарын Беларуссия азаматтары үшін жеңілдетілуі керек деді.