АШМ РФ Омбы облысынан кейбір тауарларды әкелуге шектеу қойды

Жарияланды
Омбы облысында құс тұмауының жоғары патогенді вирусының өршуіне байланысты 

ҚР АШМ ВБҚК Ресей Федерациясының Омбы облысында құс тұмауының жоғары патогенді вирусының өршуіне байланысты Қазақстанға тірі құстарды, инкубациялық жұмыртқалар мен барлық  құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге шектеу енгізді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресей Федерациясының Омбы облысы аумағында құс тұмауының жоғары патогенді вирусының өршуіне байланысты 2020 жылғы 26 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының аумағына Ресей Федерациясының Омбы облысы аумағынан тірі құстарды және инкубациялық жұмыртқаны, мамық пен қауырсынды, құс етін және құс шаруашылығының барлық түрлерін әкелуге уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлайды.  Термиялық өңдеуден өтпеген (кем дегенде 70 ° C) құс еті және құс өнімдерінің барлық түрлері, құсқа арналған азық және азықтық қоспалар (химиялық және микробиологиялық синтездің азықтық қоспаларын қоспағанда), таксидермиялық өңдеуден өтпеген аңшылық олжалар (ауланған құстар) және құстарды ұстауға, союға және кесуге арналған жабдықтар әкелуге шектеу қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 тамызында Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Увельский ауданында құс тұмауының өршуіне байланысты РФ Челябі облысынан құс әкелуге шектеу енгізген болатын.

Құстардың барлық түрлері тұмауға сезімтал. Ол малдың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін.
 

Сондай-ақ оқыңыз