Шымкентте алаяқ бес бірдей тұрғынның ақшасын жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Қаратау ауданы Полиция басқармасына бес бірдей азамат оларға қатысты жасалған алаяқтық жайты туралы арызданған. Олар өз арызында корпорация қызметкерлері «екі есе көбейтіп береміз» деп алаяқтық жолмен сенімдеріне кіріп, қомақты сомада қаражаттарын алғанын көрсеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы жеті миллион теңгеден асады.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда Қаратау ауданының Полиция басқармасы криминалды полиция бөлімі қызметкерлерімен 1994 жылы туған азаматша анықталып, полицияға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.