Қазақстанда бірнеше ЖОО-ның лицензиясы тоқтады

Жарияланды
Заңнама нормалары бұзылған

«Алматы» университеті, «Қайнар» Академиясы, Алматы Экономика және статистика академиясы, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және «Silkway» халықаралық университетін қайта тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы қайта анықталды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналы хабарлады. 

Осыған байланысты ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті «Алматы» Университеті, Алматы Экономика және статистика академиясы, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін лицензиясының күшін тоқтатты.

«Қайнар» Академиясы мен «Silkway» Халықаралық университетін тексеру қорытындылары тексеру нәтижелеріне шағымдануына байланысты сотта қаралуда. Сот процестері аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «құқық» даярлау бағыты бойынша (бакалавриат) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылды.     
         
Осы ретте талапкерлерді заңнамаға сәйкес білім беру қызметін жүргізуге лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жоғары оқу орны жаңа 2020-2021 оқу жылына қабылдай алмайтындығына назар аударуларын сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыз