Ресурстар

1 қыркүйектен бастап студенттер онлайн оқиды

Дәрістер мен семинарлар онлайн-форматта өтеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында жоғарғы оқу орындарының студенттері қалай оқитынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы. 

БАКАЛАВРИАТ. 1 КУРС 

Күзгі семестр қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылады. 

Оқу 1 қыркүйекте басталады. Бұл күні барлық іс-шаралар онлайн режимде өтеді. 

1 курс студенттері үшін 24 тамыздан бастап ЖОО саясатымен және қашықтан оқыту форматымен танысу үшін онлайн-режимде бағдарлау апталығы өткізіліп жатыр.

Оқу құралдары және Интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.

БАКАЛАВРИАТ. 2-4 КУРС

2-4 курс студенттері үшін оқу 1 қыркүйекте басталады. 20 тамыздан бастап жоо-лар өз студенттері үшін таныстыру онлайн-кездесулерін өткізіп жатыр. 

Оқытуды педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және IT-бағыттар бойынша толық қашықтан оқыту форматына көшіру ұсынылады.

Жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер сияқты бағыттар бойынша оқытудың аралас форматы көзделген. Дәрістер мен семинарлар онлайн-форматта өтеді. Зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар кампус аумағында қазан айынан кейін басталады.  

Офлайн режимде өткізілетін пәндер туралы ақпарат алу үшін студенттер жоғары оқу орындарына хабарласу керек.

Оқу құралдары және Интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.