Алматы қаласының білім Басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева 1 қыркүйектен бастап 1-2 сыныптарға арнап 193 кезекші топ ашылатынын, онда 1977 оқушы оқитынын айтты. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.
«Қаланың барлық мектептері жеткілікті мөлшерде дезинфекциялаушы құралдармен, санитарлық қауіпсіздік құралдарымен – тоннелдер, санитайзерлер, аяқ киім сүртуге арналған кілемшелерvty қамтамасыз етілген», — деді Л. Жылқыбаева.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері мектептерді санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына тексеру жұмыстары жүргізуде. Кезекші сыныптар снитарлық эпидемиолгиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Кезекші топта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі (өтініште көресетіледі).
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларға санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтиды: маскалар, қолды тазалауға арналған антисептик немесе бактерияға қарсы сулы майлықтар. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндірді. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды мектептің алдыңғы есіктеріне алып әкеледі, ал сабақ аяқталғаннан кейін балаларды мектептің алдыңғы есіктерінен үйге дейін ертіп әкетеді.
Мектеп дезинфекциялаушы құралдармен қамтамасыз етілген (кіре берістегі дезинфекциялық төсеніш, тепловизорлар, тазартқыштар, дымқыл, дезинфекциялық тазалауға арналған құралдар);
Мектеп келесілермен қамтылады:
– әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымды ұлғайту;
– әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін мектеп аумағын максималды пайдалану;
– кабинеттік жүйені пайдаланбау;
– сабақ арасындағы үзілісті әр сыныпқа әр түрлі уақытта ұйымдастыру;
– кіреберістегі оқушылардың күнделікті температурасын өлшеу;
– ауысым сайын, дәліздердегі, демалыс бөлмелеріндегі, залдардағы және басқа үй-жайлардағы, ауысым арасындағы ылғалды тазалау, есік тұтқаларын, ұстағыштарды, қоршауларды, баспалдақтарды, терезе төсеніштерін дезинфекциялау;
– медициналық кабинеттер мен изоляторлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
– едендегі дәліздерде оқушылардың бір бағытта қозғалуына арналған белгілер қою, балаларды қабылдауға бір кіреберіс, балаларды сабақтан кейін шығуға бөлек есіктің болуы.