Алматыда оқушыларға арнап 400 видеосабақ түсірілді

Жарияланды 1 Қыркүйек 2020 01:50

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Алматыда оқу жылының басына оқушыларға арнап 400 видеосабақ түсірілген. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Оның айтуынша, алматылық мұғалімдер 1-11 сынып оқушыларының қашықтықтан оқуы үшін видеосабақтарды дайындауға белсенді қатысып жатыр.

 «Алматы қаласында 400-ден астам сабақ түсірілді. Қаланың үздік мұғалімдері осы процеске қатысуда», — деп хабарлады Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Еске сала кетейік, 2019-2020 оқу жылының 4 тоқсанында мектеп оқушылары үшін видеосабақтар Алматы телеарнасы арқылы көрсетілді. Жаңа оқу жылында аталған сабақтар республикалық арналар арқылы трансляцияланады.
 

Сондай-ақ оқыңыз