Алматыда оқу жылының басына оқушыларға арнап 400 видеосабақ түсірілген. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.
Оның айтуынша, алматылық мұғалімдер 1-11 сынып оқушыларының қашықтықтан оқуы үшін видеосабақтарды дайындауға белсенді қатысып жатыр.
«Алматы қаласында 400-ден астам сабақ түсірілді. Қаланың үздік мұғалімдері осы процеске қатысуда», — деп хабарлады Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
Еске сала кетейік, 2019-2020 оқу жылының 4 тоқсанында мектеп оқушылары үшін видеосабақтар Алматы телеарнасы арқылы көрсетілді. Жаңа оқу жылында аталған сабақтар республикалық арналар арқылы трансляцияланады.