Мемлекет басшысы шенеуніктер санын 25 пайызға қысқартуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің санын қысқартуды тапсырды. Бұл туралы президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді.
«Мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта қарау керек. Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021 жылы шешетін боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту мәселесін қараймыз. Үнемделген қаражат арқылы қалған қызметкерлердің жалақысы арттырылады», – деді Тоқаев.