Ресурстар

Президент «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылады

Әрбір алтыншы отбасы бала сүю бақытынан айырылған

2021 жылдан елімізде бала сүйе алмай жүрген отбасылар үшін «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

  «Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнауы бағдарламасын іске қосуды тапсырамын. «ЭКО» бағдарламасымен квотаны 7 мыңға дейін, яғни, 7 есе көбейту қажет», – деді Мемлекет басшысы. 

Тоқаевтың айтуынша, елімізде өкінішке орай әрбір алтыншы отбасы бала сүю бақытынан айырылған. 

  «Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың шамамен 20 пайызы ажырасудың басты себебі санайды», – деді Тоқаев.