Ресурстар

Тоқаев оқушылар мен студенттерді Білім күнімен құттықтады

Пандемия оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушылрын Білім күнімен құттықтады. Бұл туралы Тоқаев Twitter парақшасында жазды. 

  «Мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр. Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында. 

Тоқаев, пандемия мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді. 

  «Бірақ бұл – уақытша құбылыс. Үкіметке балалар мен жастар арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеу тапсырылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.