Қазақстанда өткен тәулікте 72 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Оның ішінде 14 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы – 8 / 0
Алматы қаласы – 8 / 1
Ақмола облысы – 7 / 3
Алматы облысы – 2 / 2
Атырау облысы – 1 / 1
Шығыс Қазақстан облысы – 15 / 1
Жамбыл облысы – 3 / 2
Батыс Қазақстан облысы – 5 / 1
Қарағанды облысы – 10 / 2
Қостанай облысы – 4 / 0
Павлодар облысы – 1 / 0
Солтүстік Қазақстан облысы – 8 / 1
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 105944.