Ресурстар

Магистрлік дәрежесі үшін мұғалімдер 27 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы алады

Ұстаздар сынып жетекшілік  және дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақысы екі есе өседі 

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Президенттің тапсырмасымен педагогтердің сынып жетекшілігі және дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақысы екі есе өседі, сондай-ақ магистрлік дәрежесі үшін мұғалімдер 27 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Сонымен қатар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп, колледж, қосымша білім беру және балабақша педагогтерінің лауазымдық жалақысы тағы да 25%-ға артады.