Ресурстар

Коронавирус жұқтырған 144 адамның жағдайы нашар

Ал 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Елімізде коронавируспен ауырған науқастардың арасында 144 адамның ахуалы нашар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

   «Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 924 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 119 науқас жатыр. 2 805 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 144 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.