Зейнетақы жинағындағы ақшаға қалай емделуге болады?

Жарияланды
Министр есепшоттағы ақшаны кімнің және қалай ала алатынын айтты.

 Медициналық көмек қажет, бірақ қаражат қолбайлау болып тұрса, келесі жылдан бастап зейнетақы қорындағы жинағыңыздың бір бөлігін алуға болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін алып, емделуге жұмсаудың жолын айтты. Министрдің айтуынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін емге жұмсау үшін салымша республикалық маңызы бар облыс не қаланың денсаулық сақтау басқармалары жанынан құрыған арнайы комиссияларға барады. Ол жерден медициналық көмектің қажеті екені туралы қорытынды алуыңыз керек. Одан кейін емделетін емхананы таңдайсыз. Осы шаруаларды тындырған соң, салымшы өкілетті операторға зейнетақы жинағын мақсатты түрде қолданғалы жатқаны туралы өтініш қалдырады. 

    Зейнетақы жинағынан ақша алып, оған медициналық көмек алуға бағыттаумен Денсаулық сақтау министрлігі айналысады.

«Сондай-ақ зейнетақы жинағын басқару үшін қаржылық компаниялардың басқаруына беруге мүмкіндік бар. Барлық өтініш Бірыңғай  жинақтаушы зейнетақы қорына беріледі. Ал зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады», – деп атап көрсетті Нұрымбетов.

Оның сөзіне қарағанда, жылдың соңына дейін қажетті құқықтық-нормативтік актілер қабылданады да, 2021 жылдан зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігі беріледі. Алдын-ала болжам бойынша, зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін пайдалану үшін:

•    20 жастағы азаматтың шотында – 1 720 968 теңге
•    25 жастағы азаматтың шотында – 2 105 474 теңге
•    27 жастағы азаматтың шотында – 2 267 077 теңге
•    30 жастағы азаматтың шотында – 2 518 000 теңге
•    35 жастағы азаматтың шотында – 2 961 000 теңге
•    40 жастағы азаматтың шотында – 3 437 000 теңге
•    45 жастағы азаматтың шотында – 3 947 000 теңге
•    50 жастағы азаматтың шотында – 4 495 000 теңге
•    55 жастағы азаматтың шотында – 5 084 000 теңге
•    59 жастағы азаматтың шотында – 5 586 000 теңге болуы тиіс. 

Яғни мақсатты түрде қаражат алу үшін есепшотыңызда осынша ақша қалуы керек. Соның үстіндегі сумманы мақсатыңызға қарай пайдалануға рұқсат етіледі. 

 

Сондай-ақ оқыңыз