Жандарбек Бекшин: Азаматтар кез- келген маска тақса болады

Жарияланды
Індет әлі өршіп тұр

Азаматтар қандай маска тақсада өз еркі. Көпреттік бе, әлде бірреттік бе өздері шешеді. Нормативтік ережеде қандай маска тағу керектігі туралы жазылмаған. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

  «Адамдар қандай маска тақсада өз еркі. Көпреттік маскаға ешкім тыйым салған жоқ. Нормативтік ережеде қандай маска тағу керектігі туралы жазылмаған. Естеріңізде болса, ауру өршіген айларда адамдар масканы өздері қолдан тігіп тақты. Коронавирустан сақтану үшін міндетті түрде маска таққан жөн. Осыны баса айтқым келеді»,– деді Жандарбек Бекшин
 

Сондай-ақ оқыңыз