Атыраудан 30 шақырым жерде 110 гектар қамыс жанды

Жарияланды
ТЖК авиациясы тілсіз жауды ауыздықтауға 30 тонна су шашты

Атырау облысында қамыс пен құрғақ шөптің жануы жойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатқан болатын. Жану орны батпақты, өсімдіктердің биік болуы өртті сөндіруді қиындатқан еді, осыған байланысты арнайы техниканың өту мүмкіндігі болмады. 

Шымкент қаласынан барған «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-17 тікұшағы жану ошағына 3 тоннадан 10 рет су шашты. 

Сонымен қатар жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер145» тікұшағымен жану аумағын бойлай ұшу жүргізілді. 

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 93 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз