Ресурстар

Атырауда балалар диареямен жаппай ауырғандығы жайлы ақпарат жалған

Биыл өткен жылмен салыстырғанда, 146 науқасқа азайды

Әлеуметтік желілерде тараған Атырауда балалар арасында  ішек ауруы, диарея көбейді делінген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрқабыл Айтмұханбетовтың айтуынша, биылғы жылдың 1 тамызынан 4 қыркүйекке дейінгі аралықта облыстық балалар ауруханасынан 62 науқас емделіп шықты. 

 «Өткен жылда дәл осы кезеңде жұқпалы аурумен 208 науқас қабылданған. Биылғы жылы 146 науқасқа азайды. Әлеуметтік желіде балалар арасында диарея тарады деген ақпарат жалған,- деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрқабыл Айтмұханбетов.