Ресурстар

Биыл еліміздің теңіз порттары арқылы 3,8 миллион тонна жүк тасымалданды

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішке тең

Биылғы 8 айда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 3,8 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішке тең. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жүк автокөлік құралдары мен контейнерлерді ауыстырып тиеуде өсім байқалады.

Отандық сауда флоты есепті кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,5 млн. тонна жүк, оның ішінде Ақтау-Баку фидерлік желісі бойынша шамамен 9 мың бірлік контейнер тасымалдады.

8 айда ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,3 млн. тоннаны құраса, оның шамамен 200 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды.