Ресурстар

Еңбек инспекторлары 24,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Кәсіпорын басшыларына 67,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды  

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 835 кәсіпорында 25 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 2,6 млрд теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 484 нұсқама беріліп, 67,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 24,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 2,5 млрд теңге төленді.     

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2,6 мың тексеру жүргізді. 3,7 мыңнан аса ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 124,6 млн теңге сомаға айыппұл салынды.