Аурудың таралуын болдырмау және оң динамиканы сақтау мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күндері локдаун сақталады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
Ведомство басшысы қазіргі уақытта КВИ-мен сырқаттану бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдайға қол жеткізілгенін атап өтті.
«9 қыркүйектегi жағдай бойынша 106 498 науқас тіркелді. Соңғы тәулікте COVID-19 оң нәтижесімен 73 адам тіркелді. 4810 ем алып жатыр, 100 042 адам (94%) ауруханадан шығарылды. 1646 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, республикада ПТР теріс нәтижесі бар КВИ-дың 28 228 жағдайы тіркелді. Енгізілген шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бастап төсектердің жұмыспен қамтылуы 6 есеге, реанимациялық орындардың – 6,6 есеге азайғаны байқалады», – деді министр Алексей Цой.