Бүгінде елордада құрылыс, сауда және денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға сұраныс бар, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
«Электрондық еңбек биржасы» порталында 700-ден астам жұмыс берушіден 6 096 бос жұмыс орны орналастырылған.
Құрылыс саласында жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие мамандықтар – инженер-сметашы, прораб, шебер, әр түрлі жұмыс істеуші, тас қалаушы, арматурашы, бетоншы, учаске электриктері, ӨТБ инженері.
Сауда саласы бойынша мына кадрлардың тапшылығы байқалады: сатушы, кассир, менеджер, супервайзер, мерчендайзер, сауда өкілі, жанармай құюшы.
Денсаулық сақтау саласында дәрігер, медбике / аға, санитар (ка) мамандықтары сұранысқа ие.
Жұмыспен қамту Орталығының базасында жастарға арналған – 1 894 бос жұмыс орны, тұрғын үй берілетін – 660 бос жұмыс орны, бұл жерде әсіресе құрылыс саласындағы бос жұмыс орындарына басымдылық етіледі, ыңғайлы кестесі бар- 38 бос жұмыс орны бар.
Сондай-ақ, елордалық жұмыспен қамту Орталығы Жұмыспен қамтудың Жол картасы және «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламалары аясында бос жұмыс орындарын ұсынады.
Бос жұмыс орындарының тізімі Орталықтың www.cz.astana.kz. ресми сайтында жарияланған.