Аурудың тәуліктік өсімі 0,1 пайыз

Жарияланды
Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, тәуліктік өсімі 0,1%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 

Бүгінгі таңда КВИ жұқтырудың 86 жағдайы тіркеліп отыр. Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап науқастарды жатын орынмен қамтамасыз ету қажеттілігі 6 есеге, КВИ мәселелері бойынша жедел медициналық көмекке шақырулар саны 5,5 есеге азайды.

Науқастардың 99%-ы сауығып, жанұяларына оралды. Бұл КВИ-мен күресудің дұрыс жолы таңдалғанын және оның нақты нәтижесін көрсетеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз