Еліміз коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындалып жатыр

Жарияланды
ТМД елдерінде ауру көлемі 0,5 пайызды көрсетті

Қазақстан коронавирус инфекциясының болуы ықтимал екінші толқынына дайындалып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 

   «Біз көршілерімізді, әлем елдерін бақылап отырмыз. Бүгінде Еуропа аймағында: оның ішінде Италия, Испания, Германия, Түркия және Оңтүстік Кореяда індет күрт өсті. Ал ТМД елдеріндегі ауру көлемі 0,5 пайызды көрсетті, бұл Қазақстандағы көрсеткіштен 5 есеге көп. Бұл жағдай алаңдатпай қоймайды. Қазақстан да өзге елдер секілді коронавирус инфекциясының болуы ықтимал екінші толқынына дайындалып жатыр», – деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.
 

Сондай-ақ оқыңыз