Қазақстан коронавирус инфекциясының болуы ықтимал екінші толқынына дайындалып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«Біз көршілерімізді, әлем елдерін бақылап отырмыз. Бүгінде Еуропа аймағында: оның ішінде Италия, Испания, Германия, Түркия және Оңтүстік Кореяда індет күрт өсті. Ал ТМД елдеріндегі ауру көлемі 0,5 пайызды көрсетті, бұл Қазақстандағы көрсеткіштен 5 есеге көп. Бұл жағдай алаңдатпай қоймайды. Қазақстан да өзге елдер секілді коронавирус инфекциясының болуы ықтимал екінші толқынына дайындалып жатыр», – деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.