Жылдың соңына дейін қалған 778 ауылға интернет қосылады

Жарияланды
Екі жоба іске асырылуда

Жылдың соңына дейін қалған 778 ауылға интернет қосылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады coronavirus2020.kz.

Республика бойынша 6 459 ауылды аймақтар бар. Оның ішінде 4 646-сында әр түрлі технологияларды қолдана отырып, интернетке қолжетімділік қамтамыз етілген. Бірақ ол әр түрлі технологиялар әр түрлі деңгейде сапа береді. Біздің елдің тұрғындары интернеттің 4 түрін пайдаланады.

Екі жоба іске асырылуда:

Оның бірі талшықты оптикалық желіне 2020 жылдың аяғына дейін 1 250 ауылға салу жобасы. Бұл жоба бойынша 20 мың км-ден астап оптика желісі салынады. Мыңнан астам ауылда мектептер мен мемлекеттік органдар сапалы интернетке сапалы түрде қосылған. Қалған 200-ге жуығы жылдың соңына дейін қосылады. 

Екіншісі, ауылдарда 3G, 4G мобильді байланыс ұйымдастыру жобасы. Бұл жұмыс бойынша байланыс операторларымен меморандум жасалып, жылдың соңына дейін тұрғын саны 250-ден көп болатын ауылдарды мобильді байланыспен қамту.

Қыркүйектің өзінде осындай 150 елдімекен мобильді интернетке сапалы түрде қол жеткізіп отыр. Жылдың соңына дейін қалған 778 ауыл қосылатын болады. Оның ішінде қазан айында 204, қараша мен желтоқсанда 473 ауылда сапалы интернет қосамыз.

Сондай-ақ оқыңыз