Ресурстар

Алматы қаласының емханаларында тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды

400 мыңнан астам алматылық тұмауға қарсы вакцинацияны ақысыз алуға болады

400 мыңнан астам алматылық тұмауға қарсы вакцинацияны ақысыз алуға болады. Олардың ішінде 65 жастан асқан адамдар саны — 264 мың, созылмалы ауруы бар тұрғындар — 125 мың, 22 мың бала, 9 мың медицина қызметкері, 7 мыңнан астам жүкті әйелдер. Вакцинация 15 қарашада аяқталады, осы уақыт аралығында алматылықтар емханаға өздерінің учаскелік дәрігеріне барып, алдын ала жазылу арқылы вакцинация ала алады. Учаскелік медбикелер тәуекел тобындағы тұрғындарға телефон арқылы хабарласып, шақырады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

 «Вакцинация алдында учаскелік дәрігердің міндеті – келген тұрғынның денсаулығының жай-күйін, респираторлық аурудың белгілерін және COVID-19 вирусымен ауырған науқаспен байланысы болғанын немесе болмағанын, температураның қалыпты болуын әрдайым тексеріп отырады. 10 қыркүйекте вакцинация 185 адам жасалды, оның ішінде 60 жастан асқан қарт адамдар саны – 40, 100 медицина қызметкеріне, 25-і созылмалы аурулары бар балалар мен 20-ы созылмалы аурулары бар ересектер. Бірінші күні медицина қызметкерлерін вакцинациямен қамтуға тырыстық» — деп №11 Қалалық емхананың дәрігер-эпидемиологы Камар Қайратбек пікірін айтты.

Тұмауға қарсы вакцина ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыруға және асқынулардың алдын алуға арналған. Тұмауға қарсы вакцинациядан кейін дәрігерлер стандартты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді: ине салған орынды жарақаттап алмауға, ұйқы режимін сақтауға, аллергиялық реакция тудыруы мүмкін тағамдарды пайдалануға болмайды.

 «Вакцина жеткілікті мөлшерде сатып алынды, учаскелік медбикелер кестеге сәйкес вакцинацияға шақырады. Вакцинация басталғанға дейін эпидемиологиялық қызметі емхананың учаскелік қызметімен бірлесіп, ақысыз вакцинация жасау үшін тәуекел тобының тізімін жасады: созылмалы аурулары бар балалар саны – 833, созылмалы аурулары бар ересектер – 1999, медицина қызметкерлері – 332, жүкті әйелдер – 152, жабық типтегі мекемелердің медициналық қызметкерлері (балалар үйі, мектеп интернаты, балаларға/мүгедектерге арналған мектеп-интернаттары) – 11 адам, қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті – 2, 60 жастан асқан қарттар – 2012 адам» — деп №11 Қалалық емхананың дәрігер-эпидемиологы Камар Қайратбек пікірін білдірді.

Тұмау вирусы үздіксіз генетикалық және антигендік өзгерістерге ұшырайтындықтан, ДДҰ жылына екі рет вакцинаның құрамы туралы ұсыныстарын жаңартады. Бұл вакцина алдағы маусымда болжам бойынша, циркуляциялық вирустар неғұрлым жоғары дәрежеде сәйкес келуі қосылыс вирустарға кіреді. 

ДДҰ келесі компоненттері бар квадривалентті вакциналарды қолдануды ұсынды: A/Guangdong-Maonan/SWL1536/2019(H1N1) pdm09 ұқсас вирустар; A/Hong Kong/2671/2019 (H3N2) ұқсас вирустар; B/Washington/02/2019 (B/Victoria lineage) ұқсас вирустар және ұқсас вирусы B/Phuket/3073/2013 (B/Yamagata lineage).

Айта кету керек, иммундау жұмыстары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес Алматы қаласының барлық МСАК ұйымдарында жалғасуда.