Елорда тұрғындары КВИ сұрақтарымен психологиялық көмекке жүгіне алады

Жарияланды
Call-орталықтардың жұмысы күшейеді

Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-ның мүмкін деген жаңа толқынында тұрғындарға психологтарды тарту арқылы психологиялық көмек көрсететін болады. Емханалардың бейінді мамандары осы бағытта жұмыс істеуге тартылатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

   «Қала тұрғындарында КВИ бойынша сұрақтар туындаған кезде халықты толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін емханалардағы Call-орталықтардың жұмысын күшейтеміз. Біздің психологтар халықтың толғандыратын сұрақтарына жауап беруге, психологиялық қолдау көрсетуге дайын» – деді Басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Call-орталықтардың телефондары басқарманың, қалалық медициналық ұйымдардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Сондай-ақ амбулаториялық көмек деңгейінде пациенттерді оңалту бойынша жұмыс халыққа әзір.

Сондай-ақ оқыңыз