Атырау облысы бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес өңірдегі карантиндік шаралар 28 қыркүйекке дейін созылды.
Атырау облысы бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес мұражай кітапхана, театр, тәрізді мәдени нысандардың қызметтерін ғимараттағы адам саны жалпы сыйымдылықтан 50%-дан аспаған жағдайда, әрі әлеуметтік қашықтық сақталған кезде рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, қалалық бассейндердің қызметіне рұқсат етілді. Олар адам саны 50-ден аспаған жағдайда алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-22:00 аралығында жұмысын жалғастыра алады.
Сауда нысандары да 09:00-22:00 аралығында жұмыс істейді, адамдар ол жерлерге бара алады. Алайда, барушылардың шекті межесі 30%-дан аспауы қажет. Әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпаған жөн. Әрі бір келушіге 4 шаршы метрден деген қағидасы бар.