Ресурстар

Білім басқармаларының басшылары жеке телефон нөмірлерін жариялады

Туындаған мәселелерді уақытылы және сапалы шешу қажет

Білім басқармаларының басшылары министр Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша өз телефон нөмірлерін жария етті. 

   «Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс. Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды», – деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында.