Ресурстар

Алматы ЖЭО-2 станциясы газбен істейтін болады

Ауаға таралатын ластаушы заттар 80%-ға қысқарады

Оңтүстік мегаполистегі жылудың және электр энергиясының негізгі көзі саналатын Алматы ЖЭО-2 толығымен газға көшіріледі. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ хабарлады.  

Сайып келгенде, Алматы қаласының экологиясын жақсарту ісінде маңызды қадам жасалуды, өйткені атмосфералық ауаның сапасына жұмысы кері әсер ететін  нысандар қалада баршылық (автокөлік, қоғамдық көлік және жеке сектордың ауаға зиянды шығарулары, жылу мен энергияны көмірмен істеу арқылы өндіретін өзге де кәсіпорындар). Оның үстіне, қаланың алдында көгалдандырумен, жел режимін ескере отырып құрылыс жүргізумен, отынның сапасымен және т.б. байланысты мәселелерді шешу тұр. 

ЖЭО-2-ні жаңғыртудың көптеген нұсқалары қарастырылды. «АлЭС» АҚ-ның тапсырысы бойынша бұл жұмысты энергетика саласында құрылыс жүргізудің 60 жылдық тарихына ие, жылу энергетикасы саласындағы жобаға дайындық және жобалау жұмыстарының кең ауқымын  атқаратын «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» жобалау институты жүргізді. 

ЖЭО-2-ні табиғи газ жағуға көшіру атмосфераға зиянды заттар шығаруды азайтудың және станция әсерін тигізетін зонада ауаның сапасын жақсартудың ең тиімді жолы екені еш күмәнсіз. Сол арқылы атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылдық саны 80%-тен астамға қысқарады.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ тарифтік салмақтың мейлінше төмендеуі міндетті түрде қамтамасыз етілуін және жобаның толық ақталуын ескере отырып, оны қаржыландырудың тиімді көздері мен қаржыландыру тәсілдерін тарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Осылайша, компания жылу және электр энергиясының негізгі тұтынушылары болып табылатын қала тұрғындарының барлық мүдделерін ескереді.