Алматының экс-әкімінің ұлы Швейцария азаматтығын ала алмады
Швейцарияның көші-қон жөніндегі мемлекеттік хатшылығы бұрынғы қазақстандық шенеуніктің ұлы Ильяс Храпуновты азаматтығына қабылдау туралы өтінішті қабылдамады. Бұл туралы 20min хабарлады.
Федералдық әкімшілік соттың пікірінше, қазіргі сот процедуралары Виктор Храпуновтың ұлын азаматтығына алуға мүмкіндік бермейді.
Швейцарияда Храпуновтар отбасына қатысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырды деген айыппен қылмыстық іс жалғасуда. АҚШ пен Англияның оларға қарсы бірқатар талаптары бар.
Швейцария сот төрелігінің өзінде Ильяс Храпуновтың анасынан бірнеше миллион доллар алғандығы туралы сұрақтар бар.
Бұған дейін, 2006 жылы кіші Храпунов екі баласымен Швейцария азаматтығын алуға өтініш білдірген болатын. Содан кейін Швейцария бірінші рет оларды жеке өтініштер беру құқығын қалдырды. Бірақ өтініштен бас тартты.
Еске салайық, Ілияс Храпунов Швейцарияға оқуға 1998 жылы 12 жасында келген. Оның ата-анасы Женеваға 2008 жылы көшіп келген.
Бұған дейін ҚР Әділет министрлігі 3 қыркүйекте экс-әкім Виктор Храпунов пен оның ұлы Ілияс АҚШ-та сот ісін жүргізу тәртібін бұзғаны үшін айыппұл алғанын хабарлаған. Атап айтқанда, судья Кэтрин Паркер Храпуновтар көптеген заңды міндеттемелерді бұзды, дәлелдемелерді қасақана жойды және олардың кейбір құжаттарға қол жеткізе алмағаны туралы жалған айғақтар берді деген қорытындыға келді.