ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу барысы туралы баяндады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Министрлік өңірлермен бірлесіп, өнеркәсіптің түрлі секторларын қамтитын Индустрияландыру карталарын жасады. Онда облыстардың ерекшеліктері мен бәсекелестік артықшылықтары ескерілген. Биыл өңірлерде жалпы сомасы 995 млрд. теңгені құрайтын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. 18 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.
Салалар бойынша ең көп жаңа өндіріс агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібінде – 76 жоба. Құрылыс материалдары мен машина жасау саласында – тиісінше 38 және 19 жобадан.