Пандемия басталғаннан бері жеке қорғаныс құралдарын шығару көлемі 10 жаңа жобаны іске қосу есебінен 10 есе артты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
Осылайша, бүгінгі таңда отандық кәсіпорындар қайта пайдаланылатын қорғаныш костюмдерімен және медициналық қолғаптармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ медициналық бетперделер ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуде.
2020-2025 жылдарға арналған фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында:
Медициналық бетперделерді шығаратын кәсіпорындардың қуаты тәулігіне 1 миллионнан 2 миллион данаға дейін жеткізіледі.
2021 жылдың 1-тоқсанына қарай қорғаныс костюмдерін өндіру қуаты 500 мыңнан 1 миллион данаға дейін арттырылады.