14 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін Ұлттық біліктілік тестілеу басталды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Одан кейін Ұлттық біліктілік тестілеу мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері және білім беру ұйымдарының басшылары үшін өтетін болады.