576 қазақстандық кәсіпорын Қытайға өз өнімдерін экспорттайды

Жарияланды
ҚР АШМ вице-министрі өнім түрлері мен қазақстандық кәсіпорындардың толық тізімін жариялады

576 қазақстандық кәсіпорын Қытайға АӨК өнімдерін экспорттайды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Facebook парақшасында хабарлады.

  «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша 576 қазақстандық кәсіпорын ҚХР Бас кедендік басқармасының тізіміне енгізілген. Осы тізімдегі компаниялар отандық АӨК өнімдерді Қытайға экспорттай алады», – деп жазды Г.Исаева.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ҚХР-ға 196 млн. АҚШ долларды құрайтын 489 мың тонна АӨК өнімдері экспортталды. Оның ішінде:
құны 86 млн АҚШ долларды құрайтын 274 мың тонна өсімдік шаруашылығы өнімдері;
104 млн. АҚШ доллар болатын 213 мың тонна АӨК өңделген өнімі;
бағасы 5 млн АҚШ доллар болатын 2 мың тонна мал шаруашылығы өнімі экспортталды.
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚХР-ға АӨК өнімдерінің экспорты мал шаруашылығы өнімдері экспортының 25%-ға, өңделген өнім экспортының 18%-ға, өсімдік шаруашылығының 11%-ға өсуі есебінен 15%-ға артты.

АӨК өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 576 қазақстандық кәсіпорын (мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 90 кәсіпорын, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 486 кәсіпорын) ҚХР Бас кеден басқармасының тізіміне енген. Оның ішінде Қазақстанның ветеринарлық және карантиндік қызметінің кепілдігімен, яғни қытайлық мамандардың тексеріс жүргізбестен ҚХР Бас кеден басқармасының тізіміне 404 қазақстандық кәсіпорын (77 мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша кәсіпорын, 327 өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша кәсіпорын) кірді.

Коронавирустық пандемия салдарынан шетелдік мамандардың кәсіпорындарға көшпелі инспекция жүргізуі қиындатылғандықтан ҚР АШМ ҚХР Бас кеден басқармасымен инспекция жүргізу (қашықтықтан, онлайн) алгоритімін келісіп, ет өңдеу, шошқа өсіру және балық өңдеу кәсіпорындарын кепілдікпен Тізімге енгізді. Қазірдің өзінде 14 ет өңдеу кәсіпорнына тексеру жүргізілді (31 ет өңдеуші және 5 шошқа өсіруші кәсіпорыннан инспекцияға өтінім алынды), ҚХР БКБ-на есеп және кепілдік хаттар дайындалуда, 4 шошқа өсіруші кәсіпорнын тізімге енгізу бойынша жұмыс аяқталуда.
    
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіретін және қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін инспекциялау тетігі келісілуде.

Сондай-ақ, ҚР АШМ вице-министрі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өнім түрлері және өңірлер бойынша қазақстандық кәсіпорындардың толық тізімін жариялады.
 

Сондай-ақ оқыңыз