Ақтөбе облысында 10 күнде 1700-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Ақтөбе облысында 10 күні ішінде 1 мың 700-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
7 қыркүйектен бастап 1 желтоқсанға дейін облыс аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, оның негізгі мақсаты жедел жағдайды тұрақтандыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату.
Ақтөбе облысы ПД учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты үйлердің 9 955 пәтерін және 13 454 жеке үйлерді аралап, тұрғын үйді салық органдарында тіркеусіз жалға берудің 65-ке жуық фактісін анықтады. Барлық фактілер бойынша осы тұрғын үй иелеріне әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін ақпарат салық органдарына жіберілетін болады. ІІО есебіне 140-тан астам адам қойылды, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол бергендер – 77.
Жедел алдын алу іс-шарасы аясында жертөлелерді, шатырларды, базарларды, ІІО есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен атыс қаруы бар азаматтарды тексеру жүзеге асырылады. Қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін атыс қаруы бар 76 адам жауапқа тартылды.
Заңсыз айналымнан жеті қару тәркіленді. Барлығы 1 700-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде келгені үшін – 206, ұсақ бұзақылық үшін – 136, жалпы пайдалану орындарын ластаған.