Алматының ботаникалық бағы мемлекеттік бюджетке шамамен 40 млн теңге кіріс әкелді

Жарияланды
Баққа үш айдың ішінде 210 мыңнан астам адам келген

Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Гүлнар Ситпаеваның айтуы бойынша,  Алматы ботаникалық бағына үш айдың ішінде 210 мыңнан астам адам келген. Мемлекеттік бюджетке шамамен 40 млн теңге кіріс әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазір күзде келушілердің саны азайды. Десек те, бізге жұмыс күндері 1000-1500 адам, ал демалыс күндері 5000 адамға дейін келеді», – дейді Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Гүлнар Ситпаева. 

Гүлнар Ситпаева тарифті көтеру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. 

 «Қазір кіру билеті 500 теңгені құрайды. Оның ішінде біз 277, 80 теңгені мемлекет кірісіне аударамыз. Бұл 0,1 АЕК құрайды. Біз әр билеттен 0,1 АЕК мемлекет кірісіне аударуға міндеттіміз. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік бюджетке 40 млн түсті. Нәтижесінде бізде аз ғана сома қалады. Біз тарифтерді көтеру мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл қалыпты тәжірибе. Яғни, ересек адамның билеті 900 теңге, балалар мен зейнеткерлер үшін 500 теңге болады. Ал, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тегін. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Менің ойымша, бұл келесі жылы жүзеге асырылады», – деп түсіндірді ол.

 

Сондай-ақ оқыңыз