Павлодар облысының Шарбақты автобекетінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өту кезінде Ресей азаматшасы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Әйел адам 2020 жылғы сәуірде Ресей азаматтығын қабылдаған, соған байланысты ол Қазақстан азаматтығынан айырылған. Бұл туралы белгіленген уақытта құзыретті органдары хабардар етпеген. Осы іс-әрекеті үшін ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-тармағында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудандық соттың шешімі бойынша ол Қазақстан Республикасынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылды.