Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты

Жарияланды
АҚШ, Үндістан және Бразилияда науқастар саны ең көп тіркелген

Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 30 919 638-ға жетті. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті хабарлады.  

Көз жұмғандар саны 959 332 дейін артты. Ал АҚШ, Үндістан және Бразилияда коронавируспен ауырғандар саны ең көп тіркелген. 

Қауіпті вирус жұқтырғандар АҚШ-та 6 миллионнан, Үндістанда 5 миллионнан, Бразилияда 4 миллионнан асты. 

Сондай-ақ оқыңыз