Ресурстар

Биыл елімізде темір жолмен 267 млн. тонна жүк тасымалданды

Өткен жылы көрсеткіш 263 млн. тонна болған

Биыл жыл басынан бері елімізде темір жол көлігімен жүк тасымалдауда оң серпін бар. Өткен жылы осы кезеңде аталған көрсеткіш 263 млн. тонна болса, биылғы 8 айда 267 млн. тоннаға жетіп, 1,5% өсім болды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Бұған Экономикалық өсімі қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде уақытылы қабылданған шаралар ықпал етті.

Атап айтқанда, жүк жөнелтушілер үшін жүктерді сақтау, вагондардың тұрғаны үшін алымдар мен төлемдер, сондай-ақ айлық өтінімдер бойынша тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталды.

Бұдан басқа, төтенше жағдай кезінде және амалсыз бос тұрған уақытта жолаушыларды тасымалдаушыларды қолдауға кеткен шығындарды субсидиялау және еңбекақы төлеу қорына қатысты шаралар қабылданды.