Ресейде Тверская  облысында Су-30 ұшағы құлады

Жарияланды
Ұшақ экипажы эвакуацияланды

Су-30 жойғыш ұшағы сейсенбіде Тверская облысында жоспарланған оқу-жаттығу рейсі кезінде апатқа ұшырады, ұшақ экипажы эвакуацияланды.  Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

 «22 қыркүйекте Тверь облысында жоспарланған оқу-жаттығу рейсі кезінде Батыс әскери округынан шыққан Су-30 ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж қауіпсіз жерге  шығарылды, қонғаннан кейін ұшқыштар байланысқа шықты», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта экипаж мүшелері эвакуацияланды. Истребитель орманды жерге құлаған. 

 «Ұшақ орманды жерге құлады. Жерде ештеңе қираған жоқ», – деп атап өтті баспасөз қызметі. 

 

Сондай-ақ оқыңыз