17 жастағы бойжеткеннің асқазанынан 1 келі шаш шықты

Жарияланды
Көбінесе бұл дерт 30 жасқа дейінгі қыз балаларда кездеседі

Алматыда №4 қалалық аурухана дәрігерлері 17 жастағы бойжеткеннің ішінен 1 келі шаш алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Пациент асқазанында шаш барынан бейхабар болған. 

 «Бүгін жоспарлы ота жасалды. Лапаротомия, гастротомия, отасы кезінде асқазан пішінін қайталап тұрған трихобезоар анықталды. Бұл түйнек асқазанның 70 пайыз ауданын алып тұрған. Бойжеткеннің өзі шаш жегенін мойындамай тұр. Алайда бұл бірнеше жылдар бойы қалыптасқан түйнек. Оның салмағы 1 келіге жетіп қалған соң асқазанның пішіні созылған», – деді аурухана хирургы Абылай Баймаханов.

Тәжірибеде трихобезоар өте сирек кездеседі. Одан келетін қауіп жоғары. Конкремент асқазан-ішек жолымен қозғалу кезінде асқазанның бітелуіне немесе асқазанның тесілуіне алып келуі мүмкін болды. 

 «Тырнақ тістеу немесе шаш шайнап жұту – бұл психологиялық әдет. Балалардың әдеттеріне ерте жастан назар аудару керек. Сондай – ақ, шаш ағзаға тамақпен бірге кетіп, жылдар бойы массаға жиналуы мүмкін», – деп толықтырды хирург-дәрігер, ассистент Дәурен Жуматаев. 

Көбінесе бұл дерт 30 жасқа дейінгі қыз балаларда кездеседі. Аурудың басталуы әдетте симптомсыз болады. Безоар өсіп келе жатқанда, іш ауырып, ауырлық сезімі пайда болады, жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі, темір тапшылығының анемиясы дамиды. дамуы, аш ішектің обтурациясы болып табылады.

 

Сондай-ақ оқыңыз