«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша еліміздің 11 өңірінде күн бұзылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде.
23 қыркүйекте Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 28 метрге дейін күтілуде.
23 қыркүйекте Ақтөбе облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 23 метрге дейін күтілуде.
23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 25 метрге дейін күтілуде.
23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр, кей жерлерде тұман күтілуде.
23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 25 метрге дейін, түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік күтілуде.
23 қыркүйекте Қостанай облысында кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 25 метрге дейін күтілуде.
23 қыркүйекте Қызылорда облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр. Өрт қаупі өте жоғары.
23 қыркүйекте Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтілуде.
23 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 28 метрге дейін күтілуде.
23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 28 метрге дейін күтілуде.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.